Оны ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Тимур Досымбетов бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Бұрынғы Спорт және туризм минстрінің айтуынша, спорт нысандарын тиімді пайдалану мәселесі толықтай өз шешімін тауып жатқан жоқ. 2017 жылы Алматыда қысқы универсида ойындарының өтуіне орай, қала әкімшілігі таяу уақытта Студенттер спорты федерациясымен бірге жарыс бағдарламасын талқылайды. Бұл өте маңызды мәселе. Өйткені жарыс бағдарламасына сәйкес алдағы уақыта қажетті жаңа спорт нысандары салынады. Бұл Алматы қаласын Олимпиада ойындарын өткізуге ұсынуға жасалған кезекті қадам болмақ.
Қазақстан 2011 жылы Алматы мен Астана қаласында өткен 7-Қысқы Азия ойындарын өткізу кезінде Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ тау шаңғысы курорты, Табаған спорттық-сауықтыру кешені, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы мен Орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ Алматыда Шаңғымен тұғырдан секіру кешені, Алматы облысында шаңғы-биатлон кешені, Астанада жабық мұзайдыны салынды.