Спорттың дамуына ықпал етіп жүрген бизнес субъектілері мен ірі мекемелерге салықтық жеңілдіктер жасау қажет - Туризм және спорт вице-министрі

ТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазіргі таңда спорт және дене шынықтыру шараларымен халықтың 21 пайызға жуығы қамтылған. Бұл мәліметпен бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев басқаратын Денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің XV мәжілісінде Туризм және спорт вице - министрі Мұрат Омаров мәлім етті.

Оның сөзінше, республика халқын дене шынықтыру және спорт шараларымен қамту мәселесі жергілікті әкімдерге жүктелген. Туризм және спорт министрлігі бұл мәліметтерді тоқсан сайын жинап отырады. «Біз сонымен қатар халыққа спорттық қызмет көрсететін бизнес субъектілеріне салықтық жеңілдіктер жасауды ұсынғалы отырмыз. Бұған қоса біз өздерінің қызметкерлеріне спортпен айналысу

үшін арнайы ғимарат жалдап беру сияқты спорттық шараларды қаржыландырумен айналысатын ұйымдарға да салықтық жеңілдіктер жасау қажет деген ойдамыз»,-деді вице-министр.