«Әрине, медалімді қайтаратыным маған ұнамады, алайда бұл Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) талабы. Сондықтан мен медальді қайтардым», - деп атап өтті спортшы.
Бұрын, 25 қаңтар күні Картердің сынамасынан туринабол анаболиялық стероиды табылды. Салдарынан Ямайка құрамасының барлық мүшелерінен марапаттары алынды.
Болт үш Олимпиадада - 2008 жылы Бейжіңде, 2012 жылы Лондонда және 2016 жылы Риода барлығы тоғыз алтын медаль жеңіп алған.