Қытайлық мамандардың сөзіне қарағанда, түсірілген суреттерден теңізде қалқып жүрген үш нысанның сұлбасы анық көрінеді. Бұлардың лайнердің бөлшектері болуы әбден мүмкін.
Еске сала кетсек, ұшақ бортында 239 адам: 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. MH370 рейсі Куала-Лумпурден Бейжіңге бет алған. ««Boeing-777-200» сенбіге қараған түні радар экранынан жоғалып кеткен. Апат Вьетнамға қарасты Тхо-Чу аралынан 250 шақырым қашықтықта орын алған.