Бұл жоба Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сай жүзеге асырылуда, деп хпбпрлпйды ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанынан 11 желтоқсанына қараған түні «Қазақстандық телекоммуникациялар» АҚ-ның спутниктік желісі хабар таратудың жаңа спутниктік DVB-S2 MPEG 4 стандартына ауыстырылды. Жаңа стандарттың артықшылығы - айқындылық сапасы жоғары (HD-форматындағы) арналардың санын арттыру мүмкіндігі. Сондай-ақ, цифрлық спутниктік ТВ-ны іске қосу арқылы эфирлік таратылыммен қамтылмай отырған алыс елді мекендерді отандық телехабарлармен қамту.
Спутниктік телевизия қызметін пайдалану үшін, азаматтарға авторландырылған дилерлік желі арқылы спутниктік арнайы қондырғыны (антенна, қабылдағыш) орнатулары қажет. Телехабарларды басқа спутник арқылы көріп отырған тұрғындар үшін DVB-S2 MPEG 4 стандартындағы қабылдағышты орнатып, антеннасын Intelsat 904 спутнигіне бағыттау керек.
«Қазтелерадио» АҚ-ы «Қазақстандық телекоммуникациялар» АҚ-мен бірігіп, авторландырылған дилерлерді тарту арқылы «Кателко плюс» спутниктік желісі абоненттерінің қабылдағыштарын ауыстыруда. Бұл жұмыс спутниктік телевизия қызметін көрсету туралы келісім-шарттың қолданылу мерзімі аралығында сақтауды өз жауапкершілігіне алу негізінде жүзеге асыруда.
Бұрын хабарланғандай, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі цифрлық спутниктік телехабарларын таратуды дамыту мақсатында облыстық әкімдіктермен өзара әріптестік меморандумдарына қол қойды. Аталған құжатқа сәйкес, тұрмысы төмен отбасыларға спутниктік қабылдағыштарды сатып алу және орнату үшін облыстық әкімдіктер өтемақы төлейтін болады.
Сондай-ақ, абоненттердің жолданымдарына шұғыл түрде жауап беруді қамтамасыз ету мақсатында тұтынушыларды қолдаудың Бірыңғай ақпараттық орталығы (Call-Centre) құрылды.
Бүгінгі күні спутниктік телевизияны 6600 абонент пайдалануда.