Бұл туралы бүгін желіні іске қосу барысында ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев айтты.
«Қазір осы спутниктік сандық телеарнаның пайда болуының арқасында елдің барлығы отандық арналарды көре алады. Біз бұл желіні қазіргі уақытта әлемнің барлық елдеріне жүзеге асырылып жатқан ең заманауи жаңа DVB-S2 спутниктік желі стандарты негізінде құрдық», - деді министр.
Министрдің атап өтуінше, ел азаматтары телеарналарды спутниктік сандық телерадио таратылым желісі арқылы тамашалауы үшін арнайы құрал-жабдықтар сатып алулары қажет. «Бұндай құралдың бағасы 22 мың теңгеге дейін. Қымбат емес, сонымен қатар біз әкімдіктермен әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар үшін аталған құралдарды сатып алмақ болып шештік», - деді ол.
А.Жұмағалиевтің айтуынша, министрлік пен барлық облыс әкімдіктері арасында жергілікті биліктің әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарды спутниктік құралдармен қамтамасыз етуін міндеттейтін меморандумға қол қойылған.