«Қазіргі кезде қажетті заңнамалық жағдай жасау үшін нарықты салық саласындағы реттеуде оңтайландыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Осы орайда Қазақстан нарығына байланыстың заманауи технологияларын кіргізуге екпін қойылады», - деді М. Олжабеков.
Оның айтуынша, Қазақстанда аталған салада соңғы буынды жүйе әзірленіп жатыр. Қазіргі кезде тиісті жұмыстар кең жолақты спуниктік станцияларды легализациялауға қатысты болып тұр.
Вице-министр Қазақстанда 600-ден астам ауыл заманауи телекоммуникациялық технологиялармен қамтылмағаннын айтқан еді.
Сондықтан спутниктік байланыс шешімдері осы ауылдардың аумағын қамтуға мүмкіндік береді.
Бұрын хабарланғандай, елордада үшінші рет Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы 28-29 қазан аралығында өтіп жатыр.
Биылғы форумның тақырыбы - Digital Era Lifestyle. Онда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Цифрландыру, инновация және ғылым арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын ұсынды.