«Ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында «Сарыарқа АвтоПромда» біз «Ssang Yong Nomad» көлігінің өндірісін бастаймыз. Оған қолданылатын құрал-жабдықтардың 30 пайызы осы жерде жасалады», - дейді А.Лаврентьев. Ол жұмыстың барлығын «Тойота» компаниясының өкілдері бақылап бағалайды. «Ал келесі жылдың бірінші жартыжылдығында біз «Toyota Fortuner» көлігін жасауға кірісеміз», - деп атап көрсетті компания өкілі.
18:29, 12 Ақпан 2013
«Ssang Yong Nomad» көлігін құрастыру жұмысы басталады - «Сарыарқа АвтоПром» компаниясы
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы «Ssang Yong Nomad» көлігін құрастыру жұмыстары басталады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне сұхбат берген Қостанай қаласындағы «Сарыарқа АвтоПром» ЖШС директорлар кеңесінің мүшесі Андрей Лаврентьев мәлім етті.