деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты Денсаулық сақтау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2012 жылдың 9 айы ішінде стационарда жоспарлы ем қабылдаған 577 мыңнан астам адам стационарды еркін таңдау құқығын пайдаланды, олардың 46 пайызы ауыл тұрғындары», - делінген ведомство хабарламасында.
Министрліктің ақпаратына қарағанда, өз өңірінде ем алған 92,3 пайыз азаматтың 46 пайызы ауыл тұрғындары, басқа өңірлерге барғандар 1,9 пайыз, олардың 66, пайызы ауыл тұрғындары, республикалық клиникаларда мамандандырылған көмек алғандар 5,8 пайыз, олардың 16,7 пайызы ауыл тұрғындары.
Денсаулық сақтау министрлігінде атап өткендей, БҰДЖ енгізгеннен бері ауылдық секторды қаржыландыру көлемі 30-дан 45,5 млрд теңгеге дейін өскен. Бұл аудандардағы ауылдық медициналық жәрдемнің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған халықты скринингтен өткізу, көліктік медицинаны енгізу сияқты шаралар кешенін қос алғанда, негізгі көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (БҰДЖ) енгізу жалғасуда. Бұл стационарды еркін таңдау мүмкіндігін, медициналық ұйымдардың оңтайлы желісін құруды, кепілдендіріліген тегін медициналық көмектің тізімі мен көлемін арттыруды (КТМКК), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, көлік жүйесін құруды қарастырады.