Стаффан де Мистура Астанадағы келіссөз жайлы көзқарасын білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура, Астанадағы Сирия бойынша келіссөз процесін, егер ол бітімгершілік және гуманитарлық мәселелерге тоғысқан жағдайда қолдайтындығын білдірді.

Бұл жайлы РИА Новости хабарлады.

"Біз Астанадағы процесті, атап айтқанда, оқ атуды тоқтату режіміне қолдау білдіру, оған қоса сенімді қалпына келтіру және гуманитарлық көмек шараларын іске асыруға тоғысқанын негізге ала отырып қолдадық«,-деді Мистура.