«Сталинград» фильмі қытайлық прокатта рекордтық табысқа ие болуда

Фото: None
АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Федор Бондарчуктің «Сталинград» фильмі Қытайда прокаттың алғашқы төрт күнінде 8,3 млн. АҚШ долларын жинады. Бұл көрсеткіш Қытай немесе Голливудта түсірілмеген фильм үшін қытайлық прокатта ең табысты бастау болып отыр.
Атап айтқанда, картинаның бюджеті 30 млн. долларды құраған екен. Бүгінде оны жүзеге асырғандар үшін 55 млн. доллар жиналған көрінеді. Тек өткен демалыстарда Ресейдегі көрсетілімдер барысында кассалық жиын 2,6 млн. долларға өскен.