Сталинград майданы мен жапон соғысына қатысқан ҰОС ардагерлеріне Елбасы құттықтауы жеткізілді - Қызылорда облысы

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жыл санап қатары сиреп бара жатқан қарияларға құрмет көрсетіп, қастерлеу - бүгінгі ұрпақтың парызы. Жаңа жыл қарсаңында Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін арнайы құттықтады, зор денсаулық тіледі, сый-құрмет көрсетті.

Осы орайда, Елбасының ыстық ықылас сәлемін жеткізу үшін, Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев соғыс ардагерлерінің отбасыларында болып, оларға сый-сияпат жасады.

Аудандағы Жапония, Сталинград шайқастарына қатысқан ардагерлер Бақан Дүйсенов, Маханбет Төрешовтер өз кезегінде Елбасымызға ризашылықтарын білдіріп, оның жүргізіп жатқан сындарлы саясатына сәттілік, ал елімізде тек бейбітшілік болуын тіледі.