«Қазір проблема көп. Бұл негізінен жалпы қоғамның проблемасы сияқты. Және де бір заңмен бәрін шеше салуымыз неғайбыл. Бізге сананы өзгерту, барлық институттармен жұмыс істеу қажет. Жалпы, бұл (тұрмыстық зорлық-зомбылық – ред.) – жан-жақты, күрделі проблемалардың бірі. Интернет кеңістігінің пайда болуымен қатар тың сын-тегеуіріндер де шығып жатыр... Әлеуметтік желі мәселесін тегін көтеріп отырғаным жоқ. Бізде әлеуметтік желіде сталкинг (сталкинг — жеке адамның немесе топтың басқа адамды қадағалап, аңдып жүруі) деген құбылыс бар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел барысында.
Оның атап өтуінше, елімізде сталкинг мәселесі заңмен реттелмеген. Сондықтан бұл проблемаға да назар аударып, Әкімшілік кодекске тиісті өзгертулер енгізген жөн.