Стамбұл әуежайында Еуропа елдерінің 148 төлқұжатының бланкісі бар екі адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Стамбұл әуежайында пицца дайындауға пайдаланылатын құрал-жабдықтардың арасына жасырып, Еуропа елдерінің 148 төлқұжатының бланкісін алып өтпек болған екі адам ұсталды, деп хабарлайды Associated Press.

Бұл туралы түрік үкіметінің өкілі мәлім еткен. Оның айтуынша, құжаттар шынайы. Көпшілігі француз паспорттары, араларында Германия, Ұлыбритания және Ирландияның да төлқұжаттары бар.

Ұсталғандардың бірі ата тегі түрік Белгия азаматы, ал екіншісі Сирия азаматы.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл төлқұжаттардың кімге арналғандықтарын тексеріп жатыр.