Стамбұл орталығында қабырға құлап, адамдар үйінді астында қалды
19:57, 04 Сәуір 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Стамбұл орталығындағы саябақта адамдарды құлаған қабырға басып қалды, жарақаттанғандар бар, деп хабарлады ТАСС AnadoluAjansi сілтеме жасап.
"Стамбұл орталығында қабырғаның құлауы салдарынан жарақаттанған және үйінділердің астында қалған адамдардың саны әзірге белгісіз", - делінген агенттік хабарламасында. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, кем дегенде екі адам зардап шекті.
Келеңсіз жайт Гюльхан саябағында орын алды, оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Қабырғаның құлау себептері туралы хабарланбады.