"Стамбұл орталығында қабырғаның құлауы салдарынан жарақаттанған және үйінділердің астында қалған адамдардың саны әзірге белгісіз", - делінген агенттік хабарламасында. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, кем дегенде екі адам зардап шекті.
Келеңсіз жайт Гюльхан саябағында орын алды, оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Қабырғаның құлау себептері туралы хабарланбады.