Стамбулда жарылыс болып, үш адам жараланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Стамбул қаласының Мечидиекой ауданында сенбінің кешінде аялдама маңында жарылыс болып, үш адам зардап шекті, деп хабарлады «ТАСС» агенттігі «Haberturk» телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Телеарнаның хабарлауынша, жарылғыш зат «Trump Tower» сауа үйі маңындағы аялдамаға қалдырылып кеткен сөмке ішінде болған. Жапа шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді. 

Қазіргі уақытта оқиға орнын полиция бақылауына алған. Қауіпсіздік шараларына байланысты жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды.