деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, қылмыстық әрекет Шүлембаевтың мүліктерін иемдену мақсатында жасалған. Оның қалтасындағы ұялы телефон мен әмияны және өзге де заттардың құны 100 мың теңгені құрады.
Шүлембаевты жалдап тұрып жатқан пәтерінен өлтірген қылмыскер бірден бой тасалаған. Алайда арнайы жүргізілген тергеу, тексеру амалдарының нәтижесінде қарақшылық шабуыл жасамақ болған оймен қасақана кісі өлтірген азаматтың аты-жөні белгілі болды.