«Standard & Poor's» Халықаралық агенттігі Еуразия даму банкінің рейтингін көтерді

АЛМАТЫ. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Standard & Poor's» Халықаралық рейтинг агенттігі Еуразия даму банкінің шетелдік валюта бойынша міндеттемелерінің қысқа мерзімдік эмитент рейтингін А-2 деңгейіне дейін көтерді.

Ал шетелдік валюта бойынша міндеттемелерінің ұзақ мерзімдік несиелік рейтингінің ВВВ деңгейінін  мақұлдады. Сондай-ақ  банктің рейтингін ресейлік шкала бойынша ruAAA, қазақстандық шкала бойынша  kzAA деңгейін растады. Рейтинг бойынша болжам - тұрақты.