Бұнымен қатар сақтандыру компаниясының рейтингі ұлттық бағам бойынша «kzBBB », деңгейінен «kzA» деңгейіне жоғарылатылды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында сақтандыру компаниясының басшылары мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Осы көрсеткіштерге сәйкес «Еуразия» сақтандыру компаниясы Қазақстандағы ең жоғары рейтингке ие болып отыр.
«Рейтингтердің жоғарылауы компанияның тұрақтылығын, қазіргі қиындықтарға қарамастан инвестициялық қоржынының әртараптылығын және сапасының артқандығын көрсетеді», - дейді Standart&Poor s рейтинг агенттігінің кредиттік сарапшысы Виктор Никольский.