Клуб пен жаттықтырушы арасындағы келісімшартқа ертең қол қойылады. Нәтижесінде болгар маманы қазақстандық клубты алдағы екі маусым жаттықтыратын болады.
- Мен маусымның соңын күттім. «Астанамен» келісімшартты ұзартуға келісімімді бердім. Ертең қол қоятын боламыз. Мен команданы сақтап, жаңа талантты ойыншыларды қосқым келеді, - деді Станимир Стойлов.
Айта кетейік, Станимир Стойлов «Астана» клубын 2014 жылдан бері жаттықтырып келеді. Клуб пен бапкер «1 1» жүйесі бойынша келісімшартқа қол қойған-ды. Болгар бапкерінің келуімен елордалық клуб қазақ футболы тарихында өз атын қалдырды.
Ел чемпионатында топ жарды, суперкубокты иеленді. Сондай-ақ, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан қазақстандық бірінші клуб атанды. Осыған дейін болгар басылымдарының ақпары бойынша бапкер жылына 1 миллион долларға жуық жалақы алатыны айтылған болатын.