Статбюро Қазақстандағы төрт түлікті қайта санады: Мал басы әлдеқайда аз болып шықты
17:42, 01 Шілде 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық статистика бюросы шаруа қожалықтарына және жеке қосалқы шаруашылықтарға қатысты қайта қаралған деректерді ескере отырып, 2023 жылдағы мал шаруашылығы бойынша жаңа статистиканы жариялады.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын ескере отырып қайта есептелген деректерге сәйкес, ірі қара малдың жалпы саны алдыңғы деректермен салыстырғанда — 23%, қой басы — 14%, ешкі — 20%, шошқа — 34%, үй құстары — 22% азайды.
Сиыр сүтін өндіру — 3 420,4 мың тонна, ет (тірідей салмақта) — 1 920,3 мың тонна, тауық жұмыртқасы — 4 406,8 мың дана болды.