Статистика агенттігі: Бірінші тоқсанда коммерциялық мүлікті жалға беру құны 2,1 пайызға өсті
15:47, 09 Сәуір 2012
АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың наурыз айында коммерциялық мүлікті жалға беру өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,1 пайызға өсті.
Бұл туралы еліміздің Статистика агенттігі хабарлайды.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, жаттығу залдарын жалға беру бағасы 6,9 пайызға, көлік жуу орындарында 6,8 пайызға, дүкендерде 3,5 пайызға, бильярд залдарында 3,3 пайызға, дәріханаларда 3 пайызға өсті.
Химиялық тазалау және кір жуу орындарын жалға беру, керісінше 0,5 пайызға, өндірістік цехтарда - 0,3 пайызға, барларда - 0,2 пайызға арзандады.