Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту және олар үшін қолжетімді инфрақұрылымдар жасау жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Статистика агенттігі 2014 жылы гендерлік ерекшелікті ескере отырып, ересектер мен балаларға арналған жеке зерттеудің 2 жаңа әдісін қолданысқа енгізді.
«Бұл зерттеудің нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қазіргі жағдайын көрсететін, түрлі проблемаларға тап болған адамдарды анықтауға мүмкіндік беретін және әлеуметтік саясаттың осы саласында шешімдер қабылдауға негіз болатын мәліметтер алынады», - деді Ә. Смайылов.