деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Агенттік төрағасының айтуынша, аталған жоба бойынша бесжылдық кезеңге 20 млн. доллар шамасында арнайы инвестициялық қаржы бөлу көзделіп отыр. Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық шеңберіндегі бұл жобаның басты мақсаты мемлекеттік органдарды, іскерлік топтарды және халықты халықаралық әдіснамаға және озық тәжірибеге сәйкес қалыптастырылған және заманға сай деректермен қамтамасыз ету болып табылады. Осындай жобаның аясында Қазақстанның ұлттық статистикасының тиімділігін жақсарта түсу жұмыстары да көзделеді.
«Бесжылдық жоба Статистика агенттігі мен деректерді қалыптастыратын басқа да ведомстволарды қоса алғанда еліміздің ұлттық статистикасын тұжырымдамалы, әдіснамалық тұрғыдағы сапасын жақсартады», деді Ә. Смайылов.