Статистика агенттігінің сапа менеджменті халықаралық стандарт талаптарына сәйкес деп танылды

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Статистика агенттігінің сапа менеджменті халықаралық стандарт талаптарына сәйкес деп танылды.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов осылай мәлім етті.

 Агенттік төрағасының айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанның Дүние жүзілік банкпен біріккен 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жобасы толық масштабты түрде жүзеге асырыла бастады. Бұл жобаны іске асыру халықаралық әдіснамаға және үздік тәжірибеге сәйкес барлық статистика жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

«Ағымдағы жылы агенттікпен әртүрлі шетелдік ұйымдардың, оның ішінде Азиаттық және Ислам даму банкі, Европалық Одақ, Көші-қон бойынша халықаралық ұйымы, Еңбек халықаралық ұйымы және басқалардың өкілдерімен тәжірибе алмасу жүзеге асырылып келеді. «Қазақстан үш жыл қатарынан ТМД елдерінің Статистикалық қызметтері басшыларының кеңесіне төрағалық етіп келеді. Бұл шетелдік әріптестер жағынан бізге деген жоғары деңгейдегі сенімділікті айқындайды. Сонымен қатар, өткен жылдың желтоқсанында халықаралық аудиторлық компаниясымен өткізілген Сапа Менеджменті Жүйесі аудитінің қорытындылары бойынша Агенттіктің сапа менеджменті халықаралық стандарт талаптарына сәйкес деп танылды. Сонымен қатар, бізге халықаралық сәйкестік сертификаты тапсырылды», - дейді Ә. Смайылов.