«Әкімшілік жауапкершілікке тоқталсақ, бұл тұрғыда статистикалық мәліметтерді ұсынбаған немесе шындыққа сай келмейтін деректерді бергендер жазаланды. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында статистика органдары 4 567 респондетті жауапқа тартты. Оның 85 пайызы ақпаратты кешіктіріп бергені үшін, 15 пайызы дәйексіз мәліметтерді ұсынғаны үшін жауап берді», - деді комитет басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, әкімшілік жазадан кейін жыл ішінде қайтадан осындай келеңсіздікке жол берген 293 респондент әкімшілік жауапқа тартылды.
«Профилактикалық қадағалау енгізілгеннен кейін, 2018 жылдың екінші жартыжылдығында әкімшілік жауапқа тартылған респондеттер саны 4 есеге қысқарды. Бұл бағыттағы шаралар есептілік тәртібін күшейтуге мүмкіндік берді», - деді ол.