Ставропольде қолдан жасалған бомба 11 жасар қыздың қолында жарылып кетті

АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - Ставрополь өлкесінде Он бір жастағы қыз бала қолдан жасалған бомбаның қолында жарылуынан қаза тапты, аталмыш факт бойынша тексеру жүріп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат РИА жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 13.00 шамасында Ставрополь өлкесінде Георгиев қаласының жеке үй иелігі аумағында орналасқан жазғы құрылыс ғимаратында 11 жасар қыздың қолында қолдан жасалған бомба жарылып кеткен. Алған дене жарақаттарының салдарынан қыз бала оқиға орнында көз жұмған.