Стелла Суханова Азия ойындарында қол медаль еншіледі

НАГОЯ.KAZINFORM — Қазақстандық спортшы Стелла Суханова Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында ел қоржынына қола медаль салды.

Фото: ҰОК

Спортшы байдарка және каноэде есу спортынан әйелдер арасында 500 метр қашықтықты 1 мину 59.688 секундта бағындырып, мәреге үшінші болып жетті.

Қытай және Өзбекстан спортшылары алтын және күміс жүлдені қанжығалады.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Азиаданың алтыншы жарыс күнінде бес қола медаль жеңіп алды.