Стенд ату: Азия ойындарында трап сынында қазақстандық мерген «қола» алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Инхчонда өтіп жатқан Азия ойындарында 21 қыркүйектегі Қазақстанның бірінші медалін стенд атудың шебері иеленді.

Sports.kz мәліметінше, шымкенттік мерген Андрей Могилевский трап жаттығуында Азиаданың қола жүлдегері атанды. Ол медаль үшін тартыста ливандық Валид Эль Надджардан басым түсті.

Кейінірек «алтын» жүлде үшін жартылай финалда үздік көрсеткішге қол жеткізген Кувейт мергені Альдихани Фехайд пен қытайлық Гао Бо таласатын болады.