Стенд ату: қазақстандық мергендер Олимпиада жолдамасын сарапқа салады

Стенд атудан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына жолдама алу үшін бірнеше халықаралық жарыстарға қатысады, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: olympic.kz

Бүгінде ел құрамасы Катар астанасы Доха қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Одан кейін қазақстандық 12 мерген Кувейтте өтетін лицензиялық Азия чемпионатында бақ сынайды. Құрлықтық дода «скит» және «трап» бағдарламасы бойынша өтеді. Құрлықтық дода аяқталғаннан кейін рейтингілік әлем кубогі кезеңдері жалғасады. Мұндай жарыстар Египет, Марокко, Катар мемлекеттерінде олимпиадалық ұпай беретін жарыстар өткізіледі.

Кубоктік турнирлерде рейтингілік ұпай беріледі. Ал Катарда өтетін әлем кубогінде бірден жолдама сарапқа салынады. Алғашқы үш орынды иеленген спортшылар Олимпиадаға бірден жолдама алады.

Еске салсақ, бұдан бұрын садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиадаға баратыны белгілі болды.