АСТАНА. KAZINFORM – Стенд атудан Катарда өтіп жатқан «Әмір Гран-приі» халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар үш медаль жеңіп алды.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, 22 ақпанда Катар астанасы Дохада басталған жарыста әлемнің 30 мемлекетінен 300-ден аса спортшы бақ сынап жатыр.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы аталған турнирден үш медаль жеңіп алды. Оның біреуі — күміс, екеуі — қола жүлде.
«Трап» бағдарламасы бойынша өткен жекелей сында Мария Дмитриенко ел қоржынына күміс медаль салса, жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Никита Моисеев пен Анита Нұрланова қола жүлдегер атанды.
Қазақстан атынан жалпы есебі 36 спортшы сынға түсіп жатыр.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.