Ерлер арасындағы «траншеялық стенд» бағдарламасында қазақстандық Виктор Хассянов күміс жүлдегер атанды. Бұл сында алтын медальді кувейттік Насер Меклад иеленсе, қола жүлдеге омандық Әл Насри Салееем қол жеткізді.
«Траншеялық стенд» бойынша жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орынды иеленді. Екінші орында Кувейт, үшінші сатыда Қытай командасы орналасқан.