Бұл күндері Каирде (Египет) стенд атудан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан командасы қола жүлдені жеңіп алды. Ел қоржынына қола жүлдені Әсем Орынбай, Ольга Панарина мен Рината Насырова салды. Олар «скит» жаттығуы бойынша 476 ұпаймен командалық есепте үшінші болды.
15:55, 27 Ақпан 2021
Стенд атудан Қазақстан құрамасы әлем кубогі кезеңінде қола еншіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшылар стенд ату бойынша әлем кубогі кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.