Стенд атудан ҚР құрамасы Азия ойындарында тағы жүлде алды

Стенд атудан ҚР құрамасының мүшелері Қытайдағы ойындарда тағы жүлдегер атанды. ҚазАқпарат бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Стенд атудан трап бағдарламасы бойынша командалық сайыста Қазақстанның әйелдер құрамасы (Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова, Анастасия Прилепина) 3-орын алды.

Жарыс нәтижесі:

1-орын: Үндістан — 337 ұпай

2-орын: Қытай — 336 ұпай

3-орын: Қазақстан — 316 ұпай

Айта кетейік, дәл осы сайыстан Қазақстан командасы 2014 жылғы Азия ойындарында чемпион атанған еді. Ал Мария Дмитриенко 2014 жылы – алтын, 2018 жылы жеке сайыста қола алды. 

Ханчжоудағы (ҚХР) биылғы Азиадада стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы ел қоржынына алғашқы алтын медаль салған болатын. 

Ел құрамасында әзірге 27 медаль бар – 3 алтын, 4 күміс және 20 қола.