Стенд атудан лицензиялық әлем кубогына қатысатын спортшылар анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13-23 тамыз аралығында Финляндияның Лахти қаласында стенд атудан лицензиялық әлем кубогының кезеңі өтеді. Аталған сыннан қазақстандық спортшылар да сырт қалмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.


«Бүгін құрамакоманда әлем кубогына дайындалу үшін Алматыға келді. Мұндаспортшылар оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Лахтиде өтетін бәсекеден бөлек,Олимпиада лицензиясын Дохада өтетін 14-ші Азия біріншілігінде сарапқа салады.Спортшылар жолдамаға қол жеткізу үшін аянбай тер төгуде», - дейді командабапкері Оксана Середа.

Лахтидегі(Финляндия) әлем кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан командасының тізімі:

Траншеялық стенд,әйелдер: М. Дмитриенко, А. Давыдова, С. Рысбекова; Траншеялық стенд, ерлер: В.Хасянов, М. Коломоец, А.Могилевский; Дөңгелек стенд, әйелдер: Ә. Орынбай, О.Панарина, А. Мищук;

Дөңгелек стенд,ерлер: В. Мұхамедиев, А. Мұхамедиев, А. Ещенко;