Степногор қаласында «Жастар ойы» медиа орталығы ашылды
Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Білім беру және мәдениет саласында маңызды оқиғаға айналған жаңалық «Таңшолпан» жастар-жасөспірімдер орталығы белсенділері жұмысының жемісі. Атап айту керек, «Таңшолпан» қалалық балалар-жасөспірімдер ұйымы 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Ұйымда балалар көркем-эстетикалық және әлеуметтік-педагогикалық бағыттарда жұмыс істеп, бос уақытын тиімді пайдаланады. Бұл ұйымға Степногорда 15 оқытушы басқаруымен 11 бірлестіктен 4 пен 18 жастағы 250 бала қатысады. «Таңшолпан» облыс ішінде ғана емес, бүкіл Қазақстандағы үлгілі орталықтардың бірі болып табылады. Ал жаңадан құрылған медиа орталық балаларға жаңа деңгейде жұмыс істеп, медиакеңістік арқылы тәжірибие алмасуға мүмкіндік береді