Игі іске қалалық мəслихаттың депутаттары Дархан Балпанов жəне Алтынбек Қаршегенов үлес қосып отыр. Тұрғындардың өтініші бойынша 6 жəне 9 мөлтек аудандармен байланысатын 7 мөлтек аудандағы тысқары орналасқан тұрғын үйлердің маңына жарық тартылды. Ол үшін қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы 15 жарық бағанын берсе, халық қалаулысы Дархан Балпанов осыншама жарық шамы мен 650 метр электр сымын сатып алды. Ал, энергетик əрі депутат Алтынбек Қаршегенов болса, монтаждау жұмыстарын қолға алды.
Жаңа желіні іске қосу рәсіміне қала əкімінің орынбасары Сағындық Шабаров пен қалалық мəслихаттың хатшысы Ғалия Көпеева жəне аталған мөлтек ауданның тұрғындары қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
15:53, 02 Қаңтар 2017
Степногор көшелеріне жарық тартылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногор қаласының тысқары мөлтек ауданындағы көшелерге жарық тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қала əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.