Степногор соты Бишімбаевтың інісіне рақымшылық жасады

Фото: Жоғарғы сот

АСТАНА. KAZINFORM — Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың азаматтық некедегі жары Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотталған Бақытжан Байжанов Степногор сотының үкімі бойынша рақымшылыққа ілінді.

— Степногор қалалық соты Қылмыстық атқару жүйесінің мекемесінен сотталған Б-ның жаза мерзімін «Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды қолдана отырып қысқарту туралы түскен ұсынымды қарады.

Сот Б-ның 2024 жылдың 13 мамырында Ауданаралық мамандандырылған қылмыстық соттың үкімімен Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылғанын анықтады. Сот сотталған азаматқа қатысты ұсынымды мынандай негіздерге сүйене отырып қағанаттандырды.

Қылмыстық кодекстің 78-бабының 2 бөлігіне сәйкес, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін тағайындалған жаза мерзімін қысқартуға болады.

Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң бойынша негізгі жазаның немесе өтелмеген бөліктің мерзімі шығын өтелген жағдайда немесе шығын келтірілмеген жағдайда үштен бір бөлігіне дейін қысқартылады.

Сот үкімімен Б-дан өндіріп алынуы керек болған мәжбүрлі төлемдер мен процессуалдық шығындар толық көлемде өтелді.

Сот қаулысы Қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің сотталған Б-ның жаза мерзімін қысқарту туралы ұсынымын қанағаттандырды, — деп жазылған қалалық сот таратқан ресми мәліметте.

Осылайша сот Бақытжан Байжановтың енді өтейтін жаза мерзімін 1 жыл 4 ай 17 күн деп белгіледі.

Сот актісі күшіне енген жоқ. 

Айта кетелік Бақытжан Байжанов рақымшылыққа өтініш берген еді

Бұған дейін 24 жылға қамалған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа түрмеде әлі жұмыс табылмағанын жазған едік