КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногор қаласындағы кəсіпкер əйел қала тұрғындары үшін мұздан түрлі-түсті бояумен жаңа жылдық шырша мен ертегі кейіпкерлерін тұрғызып берді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.
Қала тұрғындары үшін игі іспен айналысып жүрген "Каскад - 2" өндірістік кооперативінің директоры əрі қалалық мəслихаттың депутаты Наталья Морозова. Ол осымен 10 жыл қатарынан өз қаражатына мұздан түрлі-түсті бояумен жаңа жылдық шырша мен ертегі кейіпкерлерін тұрғызып келеді.
Ересектер мен балалар аталған ертегі кейіпкерлері, жаңа жылдық шырша жəне мұздан жасалынған мүсіндермен суретке түсуге асығуда.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.