Ведомствоның мәліметінше, үстіміздегі жылдың 29-ыншы қазанында Степногор қалалық ПБ кезекшілік бөліміне 29 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, бейтаныс адамның 200 мың теңге ақша бопсалағанын айтқан.
«Осыған байланысты ҚР ҚК 194 бабының 2 бөлігі «бопсалау» бойынша Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Зардап шегуші өзінің өмірі мен денсаулығы үшін күдіктің заңсыз талабын келіскен. Алайда, ол қажетті ақша болмаған соң полициядан көмек сұрады», - дейді ведомстводан.
Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, үстіміздегі жылдың 1-ші қарашасында жедел - алдын алу шарасы барысында Степногор қаласының 31жастағы тұрғыны ұсталды.
«Күдікті бұрын «ДЗЭДО» спорт түрімен айналысқан. Ер адам өзінің кінәсін мойындады. Тергеу амалдары жалғасуда», - деп толықтырды ведомстводан.