Степногор ЖЭО-сында бір қазандық қатып қалып, станция істен шықты
Әкімдіктен мәлімдегендей, 14-15 сәуір аралғында Степногор қаласындағы жылу желілерінде температура төменген.
«14-15 сәуір аралығында қаланың жылумен жабдықтау жүйесінде температураның төмендеуі байқалды. Бұған ауа райының күрт өзгеруі себеп болды. Атап айтқанда, секундына 35 метрге дейін қатты жел, -10 градусқа дейін аяз және көп көлемде қар жауды. Соның салдарынан «KEGOC» АҚ желілерінен ақау анықталып, Степногор ЖЭО-сын энергиямен қамтамасыз ететін «Степная» қосалқы станциясы істен шықты. Мұның бәрі жылу орталығының тоқтауына әкеп соқты. Кеше біз №3 энергетикалық қазандықты іске қостық. Дегенмен, ол бүгін сағат 4:28-де тоқтап қалды. Кейін 7:30-да үшінші қазандықты қайта іске қостық. Ең қиыны артта қалды. Қазір су жылыту қазандығы және үшінші қазандық жұмыс істер тұр. Екінші қазандықты ерітіп жатырмыз. Алдағы тәулік ішінде қажетті температуралық режимге жеткіземіз», - деп мәлім етті Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев.
Ал, Степногор шаһарының басшысы Алпысбай Қайыржановтың айтуынша, кеше қаладағы 50 көпқабатты тұрғын үй жылу желісіндегі сулар ағызылды.