Степногорда балғындар арасындағы қалааралық бокс турнирі мəресіне жетті
2003-2004 жылдар аралығындағы балалар күш сынасқан сайысқа еліміздің əр өңірінен жəне Ресей, Қырғызстаннан келген 110 жас спортшылардан құралған 15 команда қатысты.
Жарыс қорытындысына сай Степногордағы Бөгенбай батыр атындағы дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп интернатының оқушылары жақсы өнер көрсетті. Оның ішінде Иман-Мағзам Исенов жəне Арман Сағындықов жаттықтыратын 30 жəне 34 келі салмақта өнер көрсеткен Диас Атымтаев пен Əбілмансұр Айденғалиұлы чемпион атанса, 32 жəне 80 келіден жоғары салмақта Рүстем Талапкеров пен Бақыткелді Аманжолов күміс жүлдеге қол жеткізді.
Жарыс жеңімпаздарын қала әкімі Əнуар Күмпекеев жəне ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Руслан Əлішев марапаттады, Сондай-ақ, жарысқа жиналғандарды алда келе жатқан ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.