Степногорда Lexus көлігінің жүргізушісі аялдамаға соғылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Степногорда жол-көлік оқиғасының салдарынан Lexus маркілі көліктің жүргізушісі мерт болды.

«11 желтоқсан күні сағат 04-54 минуттар шамасында қаладағы шағын аудандардың бірінде жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабар түсті. Lexus 430 маркілі көлігінің жүргузішісі көлікті басқара алмай, кірпіштен салынған аялдамаға соғылды»,-деді Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гульнар Пинчук.

Көлікті 22 жасар ер азамат басқарған. Ол оқиға орнында көз жұмды. Көліктің салонында жүргізушіден басқа ешкім болмаған. Тиісті тексерулер мен сараптама тағайындалды.