Степногорда жоғалған мектеп оқушысы таныстарының үйінде болған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Степногор қаласында із-түзсіз жоғалған мектеп оқушысы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Степногорск қаласының ІІБ-не  ер адам хабарласып, үй ауласына ойнауға шыққан 8 жастағы баласының үйіне қайтып оралмағанын айтқан.

«Жедел-іздестіру шарасына Степногорск ІІБ жеке құрамы тартылды. Нәтижесінде 2009 жылғы бүлдіршін 6 қыркүйек күні кешкі сағат 5-6 шамасында аман-есен табылды. Баланың таныстарының үйінде болғаны анықталды. Қазіргі кезде ол ата-анасының қолына тапсырылды», деп түсіндірді полицейлер.