Степногордағы су қоймасы тазартылады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – 2020 жылдың басында Ақмола облысының Степногор қаласындағы «Сопка – 305» су қоймасындағы су тазалау нысандарын жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күні су қоймасындағы кіре беріс бақылау, жылу бекеттері ғимараттары, насос және сүзгі стансаларында мотаждау жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, технологиялық жабдықтарды орнату, электрмен жабдықтау желісін орналастыру және су резервуарына техникалық қызмет көрсету жұмыстары аяқталуға жақын. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қолға алынған жобаның құны шамамен 5,6 млрд теңгені құрап отыр.

«Аталмыш жоба инновациялығымен ерекшелінеді. Қазіргі замаңғы технологияны енгізу арқылы қала тұрғындары пайдаланылатын ауыз судың сапасы жақсара түседі», - дейді Ақмола облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы құрылыс, су жіберу және сумен жабдықтау нысандарын пайдалану бөлімінің басшысы Нұржан Бостан.

Жобаны жүзеге асыру қолға алынғаннан бергі мердігерлердің «Сопка – 305» су қоймасындағы су тазалау нысандарын жаңғырту жұмыстары Ақмола облысының әкімдігі мен облыстық облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бақылауында болды.