Степногорде өрт шыққан пәтерден екі бала құтқарылды
21:18, 01 Желтоқсан 2023
Ақмола облысының Степногор қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде болған өрттен екі бала құтқарылды, деп хабарлайды Kazinform.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт көппәтерлі тұрғын үйдің 3 қабатындағы пәтерден шыққан.
- Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 8 адам және 3 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Өрт болған пәтерден екі және жеті жасар бала құтқарылды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығуына балалардың отпен ойнауы себеп болған, - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында басына құбыр құлап қаза болған жұмысшының өліміне байланысты іс қозғалғанын жазған едік.