Оның айтуынша, 2017 жылдың 12 желтоқсанында сағат 15:50-лер шамасында Степногор қаласының №16 мамандандырылған өрт бөлімінің байланыс пунктіне №5 шағын ауданда тұрғын үйдегі пəтерде өрт болып жатқандығы туралы ақпарат түскен.
Тілсіз жаудың салдарынан 17 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиға орнынан 1986 жылғы ер адамның мүрдесі табылды.
Қазіргі кезде іс материалдары Степногор қалалық ІІБ тапсырылып, оқиғаның мəн-жайы анықталуда.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың 11 айында республика бойынша барлығы 8 мың 891 өрт оқиғасы тіркелді. Өрт сөндіру бөлімшелері 998 адамды (оның ішінде 241 бала) құтқарды.