Степногордегі барлық тұрғын үйлерге жылу берілді

Степногор қаласындағы барлық тұрғын үйлерге жылу мен ыстық су берілді, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Қала әкімдігінің мәліметінше, қаладағы тұрғын үйлердің барлығына 100 пайыз жылу және ыстық су берілді. «Степногорск Теплотранзит» ЖШС диспетчерлері қаладағы барлық ПИК-не хабарласып, үйішілік жылыту жүйелерінде ақау бар-жоғын анықтауда. 

«Қазіргі уақытта «Викженис» ЖШС, «Арыстан» ЖШС, «Квартал» ЖШС жылытуда мәселе барын айтуда. Өзге ПИК-ден шағым түскен жоқ», - деді қала әкімдігінен.

Сонымен бірге, әкімдіктегілер қала тұрғындарынан үй ішіндегі жылыту жүйесінде қандайда бір мәселе болса, дереу ПИК-ке хабар етуге, ал ол өз кезегінде «Степногорск Теплотранзит» ЖШС диспетчерлерін құлақтандыратынын, егер ПИК-ке хабарласу мүмкін болмай жатса, онда әкімдіктің кезекшісіне 6-14-25 телефон нөмірі арқылы қоңырау шалуды сұрайды.

Айта кетсек, Степногордің жылу жүйесі апаттан соң қалпына келтірілген болатын. Алайда, көптеген тұрғын әлеуметтік желіде пәтерлері суық екенін айтып жазған еді.