Степногорға 53 жыл: «RE-BIOMED» ғылыми орталығы пайдалануға берілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Степногор қаласының 53 жылдығына орай шаһарда ешқандай химиялық қоспасыз отандық биокосметика шығаратын «RE-BIOMED» ғылыми орталығы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға қала əкімі Əнуəр Күмпекеев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дəурен Əділбеков, ҚР Президенті Əкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қалдыбек Бəйімбетов жəне қала тұрғындары қатысты.

Инвестициялық жобаның құны 1 миллион АҚШ долларын құрайды. Мұнда бетке арналған сергіткіш (тоник) және жақпамай тәрізді биокосметика түрлері шығарылады.

Орталық қаланың 50 жылдығына тарту ретінде іске қосылып отыр. Кәсіпорын басшысы Жәнібек Кенжебаевтың айтуынша, «RE-BIOMED» компаниясының биокосметикаларында химиялық қоспалар жоқ. Таза органикалық компоненттерден тұрады. Сол себепті де қолданған кезде ұзақ мерзімде және 70 пайыз жақсы әсер етеді.

«Компания мамандары Канада және Германия елдерінде дайындықтан өтеді. Қазіргі кезде кәсіпорында жергілікті 15 адам еңбек етуде. Кәсіпорының жылдық қуаты  3 миллион құты 20 миллион ампул өнім шығаруға жетеді. Ал өнімнің бағасына келетін болсақ, әрбір биокосметикалық  заттың құны 3-7 мың теңге аралығында саудаға шығарылатын болады. Қазіргі кезде сауда нүткелері анықталуда. Өнімді негізінен Қазақстан мен Ресейге нарығына шығару жоспарда бар», - дейді Ж. Кенжебаев.